«Жақында өмірге сәби келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын бөлісті

«Жақында өмірге сәби келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын бөлісті
Әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді.

Актриса Айгүл Иманбаева желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Желі қолданушыларының бірі Айгүл Иманбаевадан күйеуімен жас айырмашылығы қанша екенін сұраған.

"Менің күйеуім менен әлдеқайда жас. Тіпті жап-жас. Менің туған күнім наурызда, оның туған күні қыркүйекте, яғни алты айға жас", – деп әзілмен жауап берді. 

Актриса оқырманның жүктілікке қатысты сұрағын жауапсыз қалдырмады. 

"Жақында өмірге бір бөпе келеді, айтамын. Уақыт аз қалды, өте-өте жуық арада", – деп жауап берді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.