«КешYou тобынан шығу үшін күйеуім айыппұл төледі»: Ақботанұр Сейітмағамбет жан сырын ақтарды

«КешYou тобынан шығу үшін күйеуім айыппұл төледі»: Ақботанұр Сейітмағамбет жан сырын ақтарды
Еш жерде айтпаған оқиғасын бөлісті.

Әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбет Динара Сәтжанға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, КешYou тобынан шығу үшін бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұлов айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

«Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. Бізде КешYou тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Өмір болған соң түрлі жағдай болады. Сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар. Тұрмысқа шығамын деп, бір жағынан балалық болды ма, сол уақыттары айыппұлды күйеуімнің төлеуіне тура келді», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.