Шығыс Қазақстанда заңға қайшы 3 мыңнан астам сайт бұғатталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарын ұсынатын және порнографиялық сипаттағы сайттарды бұғаттап жатыр, деп хабарлайды aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңға қайшы контентпен күресу мақсатында полицейлер интернет кеңістікті белсенді түрде қадағалап келеді. Өткен жылы тыйым салынған ақпаратты таратқан 1 770 сайт анықталып, бұғатталды. Бұғатталғандардың ішінде есірткі заттарын ұсынатын, суицидті насихаттайтын, порнографиялық сипаттағы материалдар мен заңсыз онлайн-казино орналастырылған сайттар бар. Aikyn.kz бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ал жыл басынан бері бұғатталған сайттардың саны 3 000-нан асқан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, күмәнді интернет-сайттар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.