Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Гол авторлары:
1:0 – Ту Минь Куанг
1:1 – Кәрменов
2:1 – Чау Доан Фат
3:1 – Хо Ван И
4:1 – Динь Конг Вьен
Бұл – жоспарланған екі жолдастық кездесудің алғашқысы. Екінші матч 15 сәуірге жоспарланған.
Аталған ойындар FIFA күнтізбесіне сәйкес өтуде. Осыған байланысты ұлттық құрама 8-16 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз