Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданып, шабуылдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Зардап шеккен шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз еткен. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір өміріне еш қауіп жоқ.
Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда. Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлілер заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады, – деп жазды министр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.