Тележүргізуші Динара Сатжан бала кезінде жоқшылық көрмегенін, өзгелер секілді жатақханада тұрмаған. Ол бұл туралы қаржыгер Әсел Әуелбековаға берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
– Жалпы, балаға ақша түгілі, ештеңе бермеу керек. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ол өз күнін өзі көруі қажет. Көлік, пәтер секілді дүниеге қаржыны өзі табуы тиіс дегенді дұрыс көрмеймін. Меніңше, балаңызға дұрыс тәрбие берсеңіз, оның ісін бастауға көмектесудің еш әбестігі жоқ. Керісінше, осындай қолдауыңыз баланың өмірін жеңілдете түседі.
Мысалы, мен ұл-қызыма ол жағынан көмектесе аламын. Балаларды ғана емес, бүкіл ағайын-туғанды қамтамасыз еттім. Өз басым әрқашан тапқан табысымды, іске салып, айналдырып отырамын. Ақша айналымда жүрмесе, көзге көрінбейді. Депозитке мүлдем ақша салмаймын. Бұл –менікі емес, – дейді Динара Сатжан.
Айтуынша, ол өзі кәсіппен 2010 жылдан бастап айналыса бастаған. Сол кезде Аида Кауменовамен дүкен ашып, кәсіп бастауына әкесі көмектескен.