Үсік жүреді: 15-17 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы

Үсік жүреді: 15-17 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Қазгидромет" синоптиктері 15, 16 және 17 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Сәйкесінше, жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, түнде батыс, солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және таулы өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал.

15 сәуір түнде Ақмола облысында, 15 сәуір түнде және 16 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында, 15 сәуір түнде және 16 сәуір күні Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

– Республика бойынша тұман күтіледі. Мамандардың айтуынша, 15-17 сәуір аралығында түнгі уақытта Батыс Қазақстанда, 15-16 сәуірде Атырау мен Ақмола облыстарында, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облысында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус үсік жүреді, – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.