«Алланың бұйырғаны болады...»: Ерке Есмахан жаңалығын жария етті

«Алланың бұйырғаны болады...»: Ерке Есмахан жаңалығын жария етті
Өнер иесі отбасының фотосуреттерін жариялап, тойдың кейінге қалуына не себеп болғанын түсіндірді.

Әнші Ерке Есмахан биылғы жазға жоспарлаған үлкен той кейінге қалғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі отбасының фотосуреттерін жариялап, тойдың кейінге қалуына не себеп болғанын түсіндірді.

"Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады деген рас. Биыл жазда үлкен "жыл тойын" жасаймыз деп жоспарлаған едік қой. Онымен бір бөпетай "дүниеге келемін" деп тапсырыс берген соң, барлық жоспарды өзгерттік. Алла бұйыртса, енді келесі жылы екі еселеп той жасайын деп тұрмыз. Тағы тапсырыс келіп қалмаса", – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.