Алматы әкімінің атынан жалған хабарлама таралып жатыр

Алаяқтар Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың атынан WhatsApp мессенджерінде жалған хабарлама жіберген, – деп хабарлайды aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала басшысы Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан тұрғындарға WhatsApp мессенджері арқылы жалған хабарламалар келген. Алаяқтар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ басқа да нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр.

Алматы қаласы әкімдігі ресми түрде хабарлама жасады. Онда:

«Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламаларды тарату мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер. Мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер және күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер. Егер осындай хабарлама алсаңыздар – құқық қорғау органдарына жүгініңіздер», – делінген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.