Ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста жол жабылды

Жолды 19 сәуір сағат 01:00-де ашу жоспарланған.

ҚазАвтоЖол көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

18 сәуір сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына (минус температурада жолдың ылғалдылығы) байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды: 

Ақмола облысы: 

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек. " автожолының 130-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Балықты ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін). 

Павлодар облысы: 

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек." автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін). 

Жолды 19 сәуір сағат 01:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.