Астанада Гауһартас көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Телқоңыр көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Гауһартас көшесіне орташа жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды aikyn.kz. елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты 19-23 сәуір аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
«Бұл ретте қозғалыс жақын жерде орналасқан көшелермен ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз», – делінген хабарламада.  
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.