Қазақстанда коронавирус жұқтырған оныншы адам тіркелді
Қазақстанда коронавирус жұқтырған оныншы адам тіркелді
© Сурет ғаламтордан
130
оқылды
Бұл деректі Еуразия 1 арнасында тікелей эфир кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді. Вирусты жұқтырған 1986 жылғы әйел адам 15 наурыз күні Стамбул-Алматы рейсімен Қазақстанға ұшып келген. Бұған дейін елде 9 адам коронавирус жұқтырғаны, оның 7-еуі Алматыда, 2-екеуі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелгені хабарланған. Стационарлық карантинде 1641 адам жатса, 981 адам үй карантиніне алынған.