Шығыс Қазақстан облысында «Мерген ару – 2025» сайысы өтті

ШҚО Зайсан ауданында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында оқ атудан «Мерген Ару – 2025» сайысы өтті. Аталмыш жарыс Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Жарысты Зайсан қаласының оқ ату орталығының төрешілері ұйымдастырды. Қатысушы қыздардың ұлттық киіммен өнер көрсетуі/ шараның ерекшелігін айқындай түсті. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Зайсан ауданынан соғысқа 7 мыңнан астам адам шақырылған. Оның 2 мыңға жуығы майданда қаза тапқан.  Зайсан ауданынан шыққан батырлар: Кеңес Одағының Батыры Василий Головченко, үшінші дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері Қыдырпатша Бокажанов, соғыс батырларына теңестірілген Ғадылбек Сарсекееев пен Виктор Гутовский. 

Сонымен қатар 58 адам «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 3 адам «Қызыл Ту» орденімен, 590 адам I және II дәрежелі «Жеңіс медальдарымен», 12 адам II-III дәрежелі «Құрмет орденімен» марапатталған. Бір азамат – «Құрмет орденінің» толық иегері.

Қазіргі таңда ауданда бір соғыс ардагері – 102 жастағы Закен Құрманқожанов тұрады. Ардагер туралы  деректі фильм түсірілді. Ол Жеңіс күні қарсаңында көрсетіледі.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.