Атырауда есірткі таратып жүрген жасөспірім ұсталды

Жасөспірім қаланың көшелерінің бірінде синтетикалық есірткі заттарын таратып жүрген жерінен ұсталған.

Атырау қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген жедел  шаралар барысында полицейлер 17 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім қаланың көшелерінің бірінде синтетикалық есірткі заттарын таратып жүрген жерінен ұсталған.

Жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары оның жанынан қара түсті изолентаға оралған, әрқайсысы 1 грамм салмаққа жуық 25 бума тауып, тәркіледі. Сараптама нәтижесінде алынған заттың жалпы салмағы 24,7 грамды құрайтын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заты екені анықталды.

– Қазіргі таңда күдікті соттың қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес ("Аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау және тарату") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.