«Жалғызбасты ананы несиеге батырды»: Ілияс Сариевтің тағы бір алаяқтық әрекеті белгілі болды

Журналист Руслан Өтепбай «Қазақтың Робин Гудының» алаяқтық әрекеті туралы айтты.

Журналист Руслан Өтепбай «Қазақтың Робин Гуды» атанған, «Елге көмек» қайырымдылық қорын ұйымдастырған Ілияс Сариевтің тағы бір алаяқтық әрекеті туралы айтты.

- Видеодағы аудионы Ілияс Сариев Жансұлу есімді келіншекке жіберген. Мақсаты жалғызбасты анаға несие алдыру. Алайда Жансұлу несие алып бере алмаймын дейді. Бірақ Илияс, анасының ауырып жатқанын алдыға тартып, өтініш емес, келіншекке талап қояды, – деп жазды журналист.