Ауыл шаруашылығын дамыту міндеттелді

Ауыл шаруашылығын дамыту міндеттелді

Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалында партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Аграрлық сектор» бағыты бойынша облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Серғалиевтің төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Отырысқа Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев және комиссия мүшелері мен мемлекеттік басқарма өкілдері қатысты. Комиссия жұмысында 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарла­масының Батыс Қазақстан облысында іске асырылуы бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Халиуллиннің есебі тыңдал­ды. Жиында сонымен қатар ауыл ша­руа­шы­лығын дамытуға кері әсерін тигізе­тін бірқатар күрмеулі мәселелер талқыланып, олардың шешу жолдарын қарас­тыру мақсатында комиссия мүше­лері тарапынан бірқатар тиімді ұсыныс жолданды.  

А.ЖАСАНҰЛЫ