Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Жастарды қолдау» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде Жастар жылының қорытындылары және өңір бойынша Еріктілер жылының жұмыс жоспары, сондай-ақ «Жастар денсаулығы» мәселесі қаралды. Алғашқыларды бірі болып Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ришат Рамазанов баяндама жасады.
– 2019 жылы Мемлекеттік бағдарламалар аясында 15,8 мың жас қолдау шараларымен қамтылды. Облыстың 23 жас кәсіпкеріне грант берілді. 2020 жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алу үшін 396 маманға 1 574, 7 млн теңге қарастырылған. Қалалар мен аудандар бюджеттерінде 475 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 125, 9 млн теңге жоспарланған, – деп атап өтті ол.Жиында «Жастар денсаулығы» мәселесі бойынша нашақорлық, АИТВ-инфекция, ерте жүктілік сияқты мәселелер де талқыланды. Айта кету керек, есірткі заттарын тұтынатын адамдардың басым бөлігі облыстың ірі қалаларында (Өскемен, Семей, Зырян, Риддер, Шемонаиха) тұрады. Аталған проблемалардың алдын алу мақсатында облыс бойынша түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып жатқаны да отырыс барысында айтылды. Жыл басында облыстың білім беру, денсаулық сақтау басқармасы ШҚО бойынша Ішкі істер департаментімен бірлесіп есірткіге қарсы бағыттағы 300-ден астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырған. Партиялық комиссия алаңында сондай-ақ «ТжКБ білім беру мекемелері студенттерінің өмір сүруінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы» мәселе қаралды. Қазіргі кезде облыста 82 колледж жұмыс істейді. Оның 34-і жекеменшік. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі колледждерінде 30 жатақхана бар. Оның 2-еуі жекеменшік. «Қалың қалай, студент?» акциясының қорытындысы бойынша білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қ.Оспанғалиев акция кезінде анықталған ескертулер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Алдағы уақытта косметикалық жөндеу жүргізу бойынша Өскемен жоғары политехникалық колледжінде, Глубокое аграрлық колледжінде, Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжінде, Тарбағатай, Күршім колледжінде, сондай-ақ Жарма технологиялық, Катонқарағай аграрлық-техникалық, Глубокое техникалық, Өскемен жоғары политехникалық колледжіндегі ескі жиһаздар толықтай жаңартылатын болды. Комиссия отырысының соңында Nur Otan партиясының облыстық филиалы бақылауға алатын хаттамалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.
Абылайхан ЖҰМАШ