Ирандық бапкер коронавирустан қайтыс болды
Ирандық бапкер коронавирустан қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
Depositphotos Футбол және шағын футбол жаттықтырушысы, ирандық Ахмад Тахери қайтыс болды, – деп хабарлайды Prosports.kz. Дереккөздің жазуынша, Тахериге төрт ай бұрын мидың қатерлі ісігін алып тастау операциясы жасалған. Бапкердің операциядан соң, иммунитеті әлсіреген. Тахери Иранның футзал командаларын, атап айтқанда «Банк Техаджарат», «Пейман» және «Эстеглалды» жаттықтырған. Иранда коронавирустық инфекциялардан көз жұмғандар саны 853 адамға жетті. Республикада 15 мыңға жуық инфекция жағдайы расталды. Ирандағы барлық спорттық жиындар 20 сәуірге дейін тоқтатылады. Еске сала кетейік, COVID-19 коронавирусы былтыр бірінші рет Қытайда тіркелді. Кейіннен эпидемия Қытайдан тысқары елдерде де тарала бастады. Соның кесірінен әлемде соңғы мәліметтер бойынша, 6 мыңнан астам адам қайтыс болды.