Бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды
Бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды
Фото: Интернеттен алынды
5,122
оқылды
Соңғы 24 сағатта коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 14 мыңға артып, 862 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір тәулікте вирусты жұқтырған 13 903 адам анықталған. Оның 29-ы Қытайдан. Жалпы, бүгінге дейін COVID-19 жұқтырғандардың саны 167 511-ге жеткен. Қытайдан тыс жерде 848 адам қайтыс болған. Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша – 6606 болса, оның 3388-і Қытайдан өзге мемлекеттерде кездеседі. Осы кезге дейін вирус 151 елге тараған. Ал Қазақстанда коронавирусты  жұқтырғандар карантинде ем қабылдап жатыр. Сақтық шаралары үшін 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.