Жанат Бақыт ұлды болды

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парағына жазды.

Журналист, қазір рухани ілімді зерттеп жүрген маман ретінде танымал регрессолог Жанат Бақыт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол дүниеге ұл бала алып келгенін хабарлады.

"25.05.2025 жылы, сағат 09:09-да Жаратқанның қалауымен “Ғалам” есімді ұлымыз дүние есігін ашты", – деп жазды.

Жанаттың оқырмандары бұл жаңалығына қуанып, тілегін де арнап жатыр. 

"Ғаламның қалауымен "Ғалам" келді ", "Рухты ұрпақ келді дүниеге", "Бауы берік болсын", "Анасы сияқты мықты бала болады", – деп пікір білдіруде желі қолданушылары.