Мерекелік шараларға тыйым салынды
Мерекелік шараларға тыйым салынды
Түркістан облысында пандемияға қарсы қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев азамат­тардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Респуб­ликасының барлық аумағында жарияланған төтенше жағдайға қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жарлығын жүзеге асыру бойынша қаулы қа­былдап, бірқатар шараларды жүзеге асыруды тап­сырды. Бүгінгі таңда облыс аума­ғын­да инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары дең­гей­дегі дайындық режимі енгі­­зіл­ді. Барлық жұмыс орын­да­рында қызметкерлердің дене температурасын өлшей оты­рып, қызуы көтерілген жағ­дай­да мін­детті түрде жұмыстан шет­те­тіледі. Жергілікті жер­лер­де ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр және өзге де адам көп шо­­ғыр­ланатын орындар қыз­мет­терін тоқтатпақ. Сондай-ақ өңір басшысы­ның тапсырмасы бойынша мерекелік, спорттық, мәдени іс-шаралармен қатар, отбасылық тойлар мен қонақасын өткізуге тыйым салынады. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын санитайзерлермен және анти­сеп­тиктермен қамтамасыз ету, ко­ронавирустың алдын алу жө­ніндегі жадынама тарату жұмыстары жүргізіледі. Қаулыға сәйкес, мемлекет­тік қорғауға алынған және ха­­лық­тың күнкөрісі мен кө­лік­тердің жұмыс істеуін қамта­ма­сыз ететін нысандарды қор­­ғауды күшейту, адам көп жи­налатын еске алу шараларын шектеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру ісі де облыс әкімінің назарында болады. Барлық медициналық ұйым­­дарға коронавирусқа қар­сы шараларды күшейту тапсы­рыл­ды. Қоғамдық көліктер әр айна­­лымдағы соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен жуылып, олардың жүргізушілері антисептиктер мен тыныс алу органдарын қорғайтын құрал­дар­мен қамтамасыз етілуі тиіс.  

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы