Рухани дипломатия ілгерілей бермек

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев кеше Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті.

Кездесуде Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңе­сі бүкіл әлемде адам құқықтарын, де­­­­мократия және заң үстемдігін қам­та­ма­сыз ету жолында маңызды рөл ат­қар­ып отыр­ғанын атап өтті. Сон­дай-ақ палата Спи­кері Қа­зақ­стан Парламенті мен ЕКПА ара­сында ынтымақтастық орна­ғалы бері өт­кен 20 жылда көпте­ген бағыт бойынша ты­ғыз және тиімді өзара іс-қимыл жолға қой­ыл­­ғанын тілге тиек етті.

Сұхбат кезінде тараптар демо­кра­тия­лық жаңғыру және Әділетті Қазақстан қа­лыптас­тыру барысында Қазақстан мен Еу­ропа Кеңесінің бірлескен жұмысындағы өзек­ті мәселе­лерді де талқылады. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы­ның баста­ма­­сымен іске асырыл­ып жатқан рефор­ма­лар­­дың маңызына және палатаның олар­ды заң­намалық тұрғыдан қамтамасыз ету жо­лындағы қыз­метіне тоқталды. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Ке­мелұлы Тоқаевтың бастамасымен Әділ­ет­ті Қазақстан құру тұжыр­ымдамасын іске асыру аясында ауқымды және жан-жақты ре­­фор­малар жүргізілуде. Олардың мақса-ты – заң үстемдігін нығай­ту, адам құқық­та­рын қорғау, би­лік тармақтары арасында өкі­­л­еттіктердің теңгерімді бөл­інуін қам­та­ма­сыз ету және орта­лық пен аймақтық би­лік орган­дары арасындағы үйлестіруді кү­шейту. 2022 жылы суперпре­зиденттік жүйеден күшті Пар­ламенті мен есеп бе­ретін Үкіметі бар президенттік рес­пуб­ли­каға көшуге арналған конститу­циялық тү­зетулер қабылданды. Оны қазақ­стан­дық­тар жалпы­ұлттық референдумда қол­да­ды. Осы саяси және экономикалық ре­фор­малардың іске асырылуын заңнамалық тұр­ғыдан қамта­масыз ету Парламент қыз­метінің негізгі басымдығы екенін атап өт­кен жөн», – деді Сенат Төр­ағасы.

Сонымен қатар кездесуде қазіргі сын-қа­терлер жағдай­ында рухани дип­ло­ма­тия­ны ілгерілетудің маңызына бас­а мән бе­ріл­ді. Осыған байланысты Еуропа Кеңе­­­­сінің Бас хатшы­сына биыл қыркүйекте өтетін Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының VIII съезіне дайындық барысы жә­не бұл бағыттағы басқа да жобалар ту­ралы мәліметтер берілді.