Коронавирустан сақтанудың жолдары қандай?
Коронавирустан сақтанудың жолдары қандай?
Фото: Интернеттен алынды
242
оқылды
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустың алдын алуды кез келген адам білуі тиіс екенін ескертеді. Коронавирустық инфекция деген не?
  • Коронавирус — 2019-nCoV атты вирустық инфекцияның жаңа типі
  • Жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруларын тудырады, бірақ пневмония түріндегі асқынуларға, сондай-ақ өлімге әкелуі мүмкін
  • Иммунитеті төмен адамдарда кездеседі
  • Вирустың өзі организмнің сыртында ұзақ өмір сүре алмай, бірнеше күннен кейін өледі.
  • Инкубациялық кезең — 2-ден 14 күнге дейін.
  • Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылы пайда болды
  • Вирус өзге елдерге саяхат пен жол жүру кезінде өтеді
  • Вирус өте тез тарайды
  • 27 елде 20 630 адам зардап шегіп, 492 адам қаза тапты
  • Зардап шеккендердің басым бөлігі Қытайда қаза тапты
  • ҚХР-де 5974 жағдай тіркелді
  • Хубей провинциясының 15 қаласында карантин жарияланды. Тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынған
  • Әуе рейстері мен автобустардың, пойыздардың кіріп-шығуы тоқтатылды
Коронавирустың белгілері:
  • дене қызуының жоғарылауы;
  • тұмау;
  • бас ауруы;
  • жөтел;
  • тамақтағы қыжыл;
  • әлсіздік;
  • іш өту.
Диагностика:
  • қан талдауы;
  • несеп талдауы;
  • зертханалық зерттеулер;
  • ПТК.
Инфекцияның таралу жолдары:
  • көбінесе ауру жұққан адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа арқылы басқаға өтеді;
  • қол алысу, жанасу арқылы таралады.
Алдын алу шаралары:
  • қол мен тыныс алу органдарының гигиенасын сақтау. Қолды 20 секунд бойы сабынмен жуу.
  • изотониялық ерітіндімен мұрынды шаю;
  • иммунитетті жоғарылату: сау ұйқы, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу; бөлмені желдетіп тұру;
  • жиі қолданылатын заттарды дезинфекциялау;
  • катаралды құбылыстар анықталған адамдармен араласпау;
  • коронавирус тіркелген елдерге уақытша саяхат жасамау;
  • адамдар көп жиналған жерге бармау.