Әскери атаулар хақында бірер сөз
Әскери атаулар хақында бірер сөз
213
оқылды
Қазіргі таңда қазақтың ұлттық мемлекеті, төл ар­мия­сы бар. Бір сөзбен айт­­қанда, қазақ өзінің мұ­ра­­тына жетті. Бірақ ұзақ жыл­­­дар бойы бір орталық­қа бағынып, ұлттық әске­рі­мізді құра алмаған­дық­тан, тіл мәселесі кенжелеп қалды. Әсіресе, әскери тер­­­минология саласында кейбір кемшіліктер көзге ұра­ды. Егемен елдің Қару­лы Күштерінде баяғы ке­ңес­­тік-орыстық атаулар мұр­ты бұзылмастан сақта­лып отыр. Әрине, терминдерді түгелдей өзгерту мүмкін емес. Дегенмен әскери атақтар, бұйрықтар, киім-кешек, қару-жарақ пен тех­никаның бірсыпырасын қа­зақ тіліне аударуға болады. Бұл сарбаздардың да рухын көте­ріп тастар еді. Қазақ тіліндегі әскери тер­мин­жасам – арнайы зерттеуді қажет ететін ауқымды тақырып. Қорғаныс министрлігінің іші­нен Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы 2003 жылы ғана құры­лыпты. Содан бері қыр­уар шаруа тындырылған. Алай­да ондаған сөз күні бүгінге де­йін қазақшалана қоймаған. Олар­­дың бір парасы мынадай: авиация, артиллерия, атом, танк, десант, бригада, броне­но­­сец, бункер, генерал, пол­ков­ник, подполковник, м­айор, капитан, лейтенант, сер­жант, прапорщик, диверсия, ефрей­тор, бомба, полк, дивизия, ба­та­ль­он, адмирал, офицер, гра­на­томет, миномет, пулемет, авто­­мат... Бәрін бірдей тізе берсек, өте көп екен. Жасыратыны жоқ, қазақ тілінің табиғаты қысқар­ған сөздерді (аббревиатура) қол­дануға икемсіз. Мәселен, БМП сөзін қазақшаласақ, ЖӘӘМ – жаяу әскердің әскери машинасы деп оқылар еді. Біздіңше, бұл атау өміршең бола алмайды. Сон­дықтан ондай терминдерді бір сөзбен берудің тиімді тәсілін табу керек сияқты. Басқа жұрттардағы әс­ке­ри аталымдардың қалып­та­су жолына қарасақ, олар­дың әрқайсысы осындай тер­­­мин­дерді жасағанда өзде­­рі­нің өткеніне шұқшия үңі­ліп, байырғы бабаларының тәжі­ри­бесіне жүгінеді екен. Мысалы, француздар – көне рим атауын, немістер – ежелгі герман ата­уын кәдеге жаратыпты. Бізге неге сөйтпеске? Аса бай ауыз әде­­биетіміз, жауынгерлік тари­хы­мыз бар. Тым арыға бармай-ақ, Қасқа жолды Қасым хан­ның дәуірін алайықшы. Оның тұсында қазақ әскерінің ұзын саны 300 мыңға жетіп жы­­ғы­лып­ты. XVI ға­сыр­­дың өлшеміне салсақ, бұл – қисапсыз, аса қуатты күш. Мұн­дай қарақұрым қалың қолды ұстап тұру үшін темірдей тәртіп, арнайы ереже, қалыптасқан әс­кери дәстүр қажет екені бел­­гілі. Сондықтан осы көне тари­хы­мыздағы әскери сөздерді пай­­далануға әбден болады. Тек со­ның бәрін терең зерделеп, мағы­насын жаңартып, азын-ау­лақ өзгерістер енгізсек жарап жатыр. Қазақтың әскери тарихы тым көмескі, хатқа түспеген, мысал етуге тұрарлық дәйектері мар­дымсыз деушілер де табы­лып қалар. Әйтсе де, қолда бар­ды қанағат тұтып, білгір ма­мандарды жұмылдырып жұ­мыс істесек, нәтиже шығара ала­­мыз. Мәселен, қазірдің өзін­де садақ пен оның жебесіне, қо­рам­сағына қатысты қазақ ті­лінде 42 сөз кездеседі дейді ға­лымдар. Қарапайым атыс қа­руының осыншама атауы бар екен. Ал енді қазақтың жал­пы жауынгерлік тарихын тыңғылықты зерттеп, әскерге қатысты барлық дереккөздерді сүзіп шықсақ, қалай болар еді? Ағыл-тегіл сөз дариясының ас­­тында қалар едік. Ондай сөз­дер бірнеше ғасыр, тіпті мың­­­жыл­дықтар бойына таби­ғи жол­мен қалыптасқан. Міне, сон­ша заман ауыздан түс­­пе­ген, ата-бабаның әскери өне­рі­нің мұрасынан көненің кө­зін­дей сақталып жеткен сөз­дер­ді ХХІ ға­сырда қазақтың Қа­рулы Күш­теріне термин ре­тінде пай­­­да­лансақ, қандай жа­ра­сым­ды! Қысқасы, әскери атауларды жасанды калька сөздерден гөрі, туған топырақтан тамыр тартқан, салтымызбен біте қайнасқан төл сөздермен толықтырсақ. Қазақтың жауынгерлік дәстүрін, терминологиясын жаңа заман­ның әскеріне пайдалансақ. Айта кетейік, мұндай күрмеуі қиын күрделі мәселе – әскер адамдарының емес, тіл-әдебиет пен тарихтың жілігін шағып, майын ішкен ғұламалардың құзы­­рындағы жұмыс. Ал біздікі – жай ұрымтал ұсыныс, жеке пікір. Бұлай деуімізге толық негіз бар. ХХ ғасыр басында ар­дақты Ахаң «Жат сөздерді басқалар, мәселен, орыстар өз тілінің заңына үйлестіріп алғанда, солай алуға біздің де қа­қымыз бар» десе, алаш ары­сы Халел Досмұхамедұлы «Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын бұзады, тілге зиян береді» деген. Ал бізге икемдеудің де қажеті шамалы. Со­нау сақ, ғұн дәуірлерінен та­мыр тартып, көне түркі кезе­ңіне жалғасқан Шыңғыс, Бату хандар заманында шырқау шыңына шыққан халықтың жа­дында жақсы сақталған әс­кери терминология бар. Соны ұтымды пайдаланайық. Әйтпесе, кірме сөздерге кіріптарлық көсегемізді көгертпейді.  

Ерсайын БАҒДАТ