Батыс Қазақстанда бес бала өрттен қаза тапты

Бес бала өрттен қаза тапты.

Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында үй өртеніп, үйде қалған бес бала жанып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт бүгін сағат 15:03-тер шамасында болған. 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, үйдегі заттар мен жиһаз өртенген. Өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.

Өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан балаларды үйден алып шығып, жедел жәрдемге тапсырған. Жедел жәрдем аудандық ауруханаға бес баланы жеткізді. Бірақ балаларды құтқара алмады. 

Өртеніп кеткен бес баланың үлкені 5 жаста болса, ең кішісі 2 жаста болған.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, Батыс Қазақстан облысы