Нұр-Сұлтан қаласындағы «Дипломат» қонақүйінде «Қауіпсіз балалық шақ» атты дөңгелек үстел өтті.
[caption id="attachment_28567" align="alignleft" > Ақтоты Боранбаева[/caption] Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранованың хабарлауынша, жол апаттың 95 пайызы жүргізуші кесірінен екен. Жол ережесі мен жол жиегіндегі белгіні сақтамайуы, қауіпсіздік белбеуін тақпауы, балаларға арналған автомобиль орындығы болмауы мен көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесуі – негізгі фактор.Соның ішінде бала өлімінің көбеюі, оның алдын алу жолдары қарастырылды. Мәселен, биылғы жылдың екі айында 1893 жол апаты тіркелген. Онда 212 адам қаза болып, 254-і жарақат алған. Соның арасында 17 бала көз жұмған.
– Біз үшін қашанда балалардың өмірі бірінші орында. Жол апаты кесірінен қаншама бүлдіршіннің өмірі қыршын кетіп жатыр. Осының алдын алуда жоспарлы түрде жұмыс істеп жатырмыз. «Жол қозғалысының жас инспекторлар» қозғалысы жасөспірімдерге жол ережесін үйретіп қана қоймай, жол-көлік апаты жағдайларда алдын-алуы және алғашқы көмек көрсетуі оқытылады. Әр тоқсан сайын профилактикалық шаралар өткізіліп, балаларға арналған автомобиль орындығының қажетін түсіндіріп, қалай пайдалану керегін айтамыз. Мысалы, Ресейде таксиге тапсырыс берсең, баланың бар-жоғын сұрап, автокреслоның керегін анықтайды. Біз де сол күнге жетсек екен, – дейді Ақтоты Боранова.[caption id="attachment_28569" align="alignright" > Никита Кузнецов[/caption] Бұл тілекке «Яндекс» такси функционалды сервис тобының жетекшісі Никита Кузнецов қосылып, «жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас» дегендей мұнымен бір ғана тарап емес, бүкіл қоғам болып күресу керегін» жеткізді. – Баланың қауіпсіздігіне жауап беретін алдымен ата-ана. Сондықтан ол тапсырыс барысында автокреслоның бар-жоғын анықтау тиіс. Мәселен, біздің қосымшада баланың бар-жоғын көрсететін фунцияны белгілеу керек. Ал жалпы, сіз айтқан ұсынысты іске асыру үшін онымен түбегейлі айналысу қажет. Егер ортаның өзі мұнымен күресуге дайын болмаса, біз де ештеңе істей алмаймыз, – деді ол.
Мысалы, бала тасымалымен тек білікті маман әрі қолданушылардың арасында жақсы бағаланған жүргізуші айналысады. Әзірге бұл қызмет барлық жерде қосылған емес. Оған сұраныс болса қосар едік. Мәселен, Алматыдағы сервисте автокреслосы бар көлікке тапсырыс беруге болады. Әр жүргізуші қатаң бақыланып, қандай жылдамдықта жүргені, кілт тоқтап, аяқасты бұрылғанын, жол ережесін сақтамағаны арнайы құрылғы арқылы ұялы телефонмен қадағаланып отырады екен.
Шетелдік тәжірибеге көз жүгіртсек, Ұлыбританияда автокреслоны пайдалануы тоқтатылатын екі түрлі өлшемі бар. Мысалы, бала туғаннан бастап 12 жасқа толғанға дейін немесе бойы 125 см болғанға дейін автокресло болуы міндетті. Тіпті, 15 айына сәбидің дейін автокреслосы рөлге қарсы бағытта отырғызуы керек. Осының бәрі заңды түрде қадағаланады. Көрші тұрған Ресейдің өзі 12 айлық сәбиді солай ұстау қажетін ұсынып отыр.