Тағы бір қазақстандық коронавирус жұқтырды
Тағы бір қазақстандық коронавирус жұқтырды
© :facebook.com/hunambulance
152
оқылды
Венгриядағы қазақстандықтан коронавирус табылды.
Қазақстанның Венгриядағы елшілігіне біздің бір азаматымыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды. Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде. Аталған жағдай біздің дипломаттарымыздың ерекше бақылауында", - деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері.
Соңғы мәліметтер бойынша, Венгрияда коронавирус жұқтырғандар саны 50-ге жеткен.