Венгриядағы қазақстандықтан коронавирус табылды.
Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды. Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде. Аталған жағдай біздің дипломаттарымыздың ерекше бақылауында", - деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері.Соңғы мәліметтер бойынша, Венгрияда коронавирус жұқтырғандар саны 50-ге жеткен.