Қазақстандық мерген Мюнхенде күміс медаль жеңіп алды

Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын сәтті қорғады.

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының спортшысы Валерий Рахымжан Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын сәтті қорғады.

Финалда Рахымжан 241.9 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.

Аталған бағдарлама түрі бойынша әлем кубогының жеңімпазы – қытайлық Ху Кай (242.3 ұпай). Үшінші орын неміс спортшысы Кристиан Рейтцке бұйырды (220.8 ұпай).

Айта кетейік, Валерий Рахымжан іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, финалға шыққан болатын.