«Қызымды балалар үйіне апарып тастаңызшы»: желіде тараған бейнежазба көпшіліктің жүрегін елжіретті

Жазбаны оқыған келіншек жылап жіберді.

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған бейнежазба жұртты жылатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Саябақта серуендеп жүрген кішкентай қыз демалып отырған бейтаныс келіншектің қасына келіп, қолындағы қағазда не жазылғанын оқып беруін өтінеді. 

Қағазда: «Қызымды балалар үйіне апарып тастаңызшы» деп жазылған. 

Мұндай ауыр жазбаны оқыған келіншек жылап жіберді, қызды қолынан ұстап, оны жанында жүрген өз балаларына таныстырады.

Алайда кейін белгілі болғандай, бұл – адамдардың жанашырлығы мен мейірімін тексеруге бағытталған әлеуметтік эксперимент екен.