Улы бизнеске – тосқауыл

Заңсыз есірткі айналымы мен нашақорлық бизнесіне қарсы күрес шаралары Ақмола облысында жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Облыстық полиция кейінгі кезде тым көбейіп кеткен есірткі бизнесі мен нашақорлық қылмыстарын алдын алу және жолын кесу бағытында арнайы акциялық шаралар өткізуді қолға алды. Мұндағы басты мақсат – қазіргі тұтас қоғамның ащы жанайқайына айналған нашақорлықпен күрес пен оның зиянын жастарға барынша түсіндіру жұмыстарына бағытталыпты.

Бір ай ішінде жалпы облыс көлемінде он­даған арнайы шаралар ұйым­дас­ты­ры­лып, оған полиция органдарымен қатар, ор­та және арнаулы білім беру, денсаулық сақ­тау басқа да мемлекеттік мекемелер мен органдар қатысуда. Акция түрінде өт­кен кезекті іс-шара Көкшетау қаласында же­ке кәсіпкерлердің қаржылай қолдау кө­мегімен жүзеге асырылыпты. Полиция қыз­меткерлері қамқорлыққа зәру тұрмыс-жағ­дайы төмен отбасынан шыққан ба­ла­ларға мереке қайырымдылық концерттік бағ­дарламаларын ұсынды. Жеткіншек ба­лалар қарағай мен қайың көмкерген қаланың шеткі аудандарының бірінде ор­наласқан Letto-парк демалыс базасында бо­лып, онда мотоциклдер, квадроциклдер мен автомобильдермен қыдыру, ани­ма­торлардың қатысуымен түрлі ойындар, бай­қаулар мен көңілді басқа да шаралар жүр­гізіліп ол балалардың көңілінен шық­ты. Барлық балаға тәтті балмұздақтар мен сусындар, сондай-ақ басқа да тәтті сый­лықтар таратылды. Сондай-ақ шара ба­ры­сында балаларға «Сальто» батут ор­талы­ғы­на қатынау және спорт дүкеніне сый­лық сертификаттары салтанатты түрде та­быс етілді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция әлеуметтік қолдау түрінде ға­на емес нашақорлыққа қарсы күрес ай­лы­ғы шеңберінде жастар арасында на­шақ­ор­лықтың алдын алу жұмыстарының бір бө­лігі ретінде қарастырылған. 

– Балалар мен жасөспірімдердің бел­сен­ді өмір салты мен қызығушылықтарын қа­лыптастыру – жағымсыз құбылыстардың оның ішінде есірткіге, басқа да нашақ­ор­лыққа бағыттайтын заттарға тәуелділіктің алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі бо­лып саналады. Біз балаларға бос уа­қыт­тарын қызықты әрі қауіпсіз өткізудің түрі көп екенін көрсетуге тырыстық, – дейді Ақ­мола облысы Полиция департаментінің на­шақорлық қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма өкілі Разия Курсанова.

Шараларға ұйытқы болған полиция қыз­меткерлері осынау шара барысында бар көмектерін аямай балалар үшін қайы­рым­дылық концерттерін ұйымдастырып, тәт­ті сыйлықтары мен сертификаттар тар­ту еткен кәсіпкерлерге шынайы алғыс­тарын білдірді. Өйткені мұндай шаралар өз кезегінде мемлекеттік органдарды, сон­дай-ақ қоғам мен бизнес өкілдерінің күшін бір арнаға тоғыстырып, жастардың наша-қ­ор­лыққа тәуелділігінің алдын алуға, ке­ле­­шек ұрпақтың салауатты әрі белсенді өмір салтын ұстануға ықпалын тигізеді. 

Акция шеңберінде балалар мен жа­сөс­пірімдердің тәрбиесіне бағытталған се­минар шаралары да кеңінен өткізілуде. По­лиция департаменті Нашақорлыққа қар­сы күрес күніне орай есірткіге қарсы ай­лық шеңберінде Көкшетау қаласы мек­тептерінің директорлары, тәрбие жұмысы жө­ніндегі орынбасарлары мен ата-ана­ларға арналған семинар ұйымдастырды. Шара өскелең ұрпақ арасында профи­лак­тикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін «Химиялық және химиялық емес тәуелділіктердің зияндылығына бағытта­лып­ты. Семинар шарасы «Жастар ара­сын­да есірткіге тәуелділіктің таралуына қарсы тұ­рудың құқықтық аспектілері» тақы­ры­бына өткізілді. Білім беру мекемелерінің бас­шылары, директорлардың тәрбие жұ­мы­сы жөніндегі орынбасарлары, ата-ана­лар қауымының өкілдері қатысқан іргелі ша­раға осы саланың жілігін шағып, майын ішкен, яғни қоғам арасында наша­қор­лық­тың таралуы мен оның алдын алу ба­ғы­тында жылдар бойы жұмыс істеген сарап­шы мамандар да толғамды ойларын ортаға сал­ды. 

Семинар тізгінін қолына алған «Зер­делі ұрпақ» үкіметтік емес ұйымының бас­­­шысы Гүлнар Оразбаева талқыланатын мә­селелердің жастар мен жасөспірімдер үшін өзекті екенін, әсіресе олардың есірткі заттарына тәуелділігінің алдын алуда түрлі құ­рылымдардың күш-жігерін шоғыр­лан­дыру­дың маңыздылығын атап өтті.

– Бүгінде есірткіге елітіп, аңдамай жү­р­іп нашақорлықтың шырмауына ілініп қа­л­ып жатқан жастардың қатары азаймай тұр. Сондықтан жастар арасында түсіндіру жұ­мыстарын жиі ұйымдастыру – оларды есірт­кі қылмыстарынан бойын аулақ салуына ықпал етпек. Бұл орайда күш құ­рылымдары ғана емес мемлекеттік ор­гандар, оқу орындары мен ата-аналар да күш біріктіруі аса маңызды. Жас­тары­мыз­дың есірткіге тәуелділігінің алдын алу ел­дің ертеңіне қосатын аса маңызды үлесіміз екенін түсінуіміз керек, – дейді Гүлнар Оразбаева. 

Семинар барысында жастар арасында құ­маройындар, компьютерге және интер­нет­ке сияқты химиялық емес тәуелділік, со­нымен қатар есірткі заттарын, психоак­тив­ті құралдар мен алкоголь және кальян тұ­тыну сияқты химиялық тәуелділіктің де өсуімен байланысты аса өзекті мәселелер тал­қыға түсті. 

Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жө­нін­дегі басқарма өкілі Рәзия Курсанова есірт­кі қылмыстарына қарсы күрестің құ­қықтық аспектілері жайлы егжей-тег­жейлі түсіндіріп, сонымен қатар тыйым са­лынған заттарды тұтыну мен таратудың ар­ғы жағында аса үлкен жауапкершіліктің тұ­ратындығын атап өтті. Сонымен қатар мұн­дай қылмыстық оқиғалардың ішінде кә­мелет жасына толмаған жастардың құ­қықбұзушылықтарының жаңа үрдестері туралы әңгімелеп берді. Бұл орайда білім беру мекемелерінде ата-аналармен бірле­сіп алдын алу жұмыстарын жүргізудің аса маңызды екені аталды.

Іс-шараға арнайы шақыртылған дә­рі­гер-психотерапевт, PhD докторы Мария Прилучкая жасөспірімдер арасындағы тәуелділіктердің қалыптасуының психоло­гиялық тетіктерін, олардың алғашқы бел­гі­лерін атап өтіп, ата-аналардың қандай жағ­дайға ерекше назар аударып, қауіпті топтарды ертерек анықтаудың маңыз­ды­лығы, сонымен қатар есірткіге тәуелділікке ұшыраған балалар мен жасөспірімдерді түзету мен алдын алудың заманауи әдіс­те­ріне тоқталып өтті.

Спикерлер есірткіге тәуелді­лік­тің ал­дын алу және мәселенің шешімін табу­ға ке­шенді ведомствоаралық тәсілді қол­дану­дың маңыздылығына назар ауда­рып, бұл орайда білім беру мекемелері, құ­қық қор­ғау органдары, медициналық ұйым­дар мен ата-аналар қауымының бір­лесе өзара тығыз қарым-қатынаста әрекет ету­дің қа­жеттігін жеткізді. 

Семинар қорытындысында іс-шара қа­­­­тысушылары білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша практикалық ұсыныстарды тал­қы­ға салып, жасөспірімдердің ден­сау­лы­ғы мен құқықтық санасына жауапкер­шілік­пен қарауын қалыптастыру бойынша бағ­дарламаларды іске асыру жөнінде тә­жіри­белерімен бөлісті.

Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың ден­саулығы мен қауіпсіздігін сақтауға мол ық­пал тигізетіні сөзсіз. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы