Бүгін өңірлердің басым көпшілігінде жоғары өрт қаупі бар

Төтенше жағдайлар министрлігі синоптиктердің болжамына сәйкес аптап ыстық пен дауылдың негізгі қауіптері туралы мәлімдеді.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 24 маусым күні Қазақстан бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ел бойынша найзағай, жаңбыр, дауыл, бұршақ, аптап ыстық (35°C-қа дейін); жел екпіні 15–25 м/с дейін болса, кей аймақтарда шаңды дауыл соғады.

Сонымен қатар, өңірлердің басым көпшілігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

ТЖМ өкілдері мынадай кеңес береді:

  • қатты ыстық пен жел кезінде орманға немесе далаға барудан аулақ болыңыз;
  • найзағай кезінде ағаш астында тұрмаңыз, көшеде электроқұрылғыларды пайдаланбаңыз;
  • от жақпаңыз, жанғыш заттарды күн астында қалдырмаңыз;
  • ауа райы нашарлағанда – үйде болғаныңыз абзал.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.