Астана, Алматы мен Шымкенте 6 шілде күні ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстан мегаполистерінде ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде 19 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Желдің жылдамдығы 5,6 м/с болмақ.

Астанада синоптиктердің болжамынша, аздаған бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,7 м/с.

Шымкентте бүгін күн шайдай ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 40 градусқа дейін жетіп, түнде 25 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,2 м/с деңгейінде болмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.