Президент халықтың Алакөлге қатысты шағымына жауап берді

Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты демалушыларды қарсы алуға дайындық төмен екенін айтып, Үкіметке олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға тапсырма берді.

Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды. 

Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.

Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.