Қазақстанда тағы бір құжатты онлайн алуға болады

Бұл құжат қағаз нұсқасымен бірдей заңды күшке ие.

Енді нотариустың атқарушылық жазбасы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы рәсімделеді. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлады.

Нотариустың атқарушылық жазбасы – қарызды мәжбүрлі түрде өндіру құжаты. Егер нотариалды куәландырылған немесе нотариустың атқарушылық жазбасына қатысты ескертпесі бар қарыз шарты немесе жалдау шарты болса, талапкер сотқа жүгінбей-ақ тікелей сот орындаушысына шағымдана алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.