QAZAQ AIR жаңартылған тарифтік жүйе енгізіп, қол жүгіне қойылатын талаптарды өзгертті

Жаңартулардың негізгі бағыты — қол жүгінің нормасын арттыру және билетті ауыстыру шарттарын қолайлы етуге арналған.

VietJet Qazaqstan (QAZAQ AIR) компаниясы жаңартылған тарифтік жүйені енгізгені туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

VietJet Qazaqstan (QAZAQ AIR) тарифтік саясатын жаңартып, жолаушының нақты қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа тәсілді іске қосуда. Енді билет бағасы мен тасымалдау шарттары әртүрлі жолаушылар санатының сұранысына барынша сай болмақ – іскерлік сапарлардан бастап, отбасылық демалысқа дейін.

«Жолаушылардың қажеттіліктері өзгеруде, біз де осы өзгерістерге бейімделеміз. Қазір әр адамның қалауы маңызды: біреу тек бір күнге жолға шығып, жүксіз саяхаттаса, басқаларға жайлылық пен икемділік қажет. Біз әр жолаушы өзіне лайықты өнімді таңдай алатындай жағдай жасағымыз келеді», – деп атап өтті әуе компанияда.

Негізгі өзгерістер:

1. Қол жүгінің нормаларын арттыру.

Жолаушылардан түскен көпшілік сұранысқа байланысты компания қол жүгіне қойылатын талаптарды қайта қарап, заманауи саяхатшылардың қажеттіліктеріне сәйкестендірді:

• «Жеңіл» және «Оптималды» тарифтер

Бұрын: 1 орын, 5 келіге дейін, өлшемі 40×25×20 см

Қазір: 1 орын, 7 келіге дейін, өлшемі 56×36×23 см

• «Комфорт» тарифі

Бұрын: 1 орын, 5 келіге дейін, өлшемі 40×25×20 см

Қазір: 1 орын, 10 келіге дейін, өлшемі 56×36×23 см

2. Билетті ауыстыру шарттарының икемділігі.

• «Жеңіл» тарифі енді рейс күнін қосымша төлеммен өзгертуге мүмкіндік береді

• «Оптималды» тарифі — айыппұлсыз ауыстыру мүмкіндігі, тек тариф айырмашылығы төленеді.

«Әр жолаушының сапары – әртүрлі мақсат, міндет және басымдық. Біз жай ғана ережелерді өзгертіп отырған жоқпыз – біз ыңғайлылық пен еркін таңдау қағидатына негізделген тиімді жүйеге өтудеміз», – деп атап өтті компания. Жаңа тарифтік саясат туралы толығырақ ақпаратты компанияның flyqazaq.com ресми сайтынан көруге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.