Армандар ақиқатқа айналды

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мұнайлы Маң­ғыс­­тау облысына жұмыс сапары барысында бірне­ше маңызды нысандарда болып, жергілікті тұрғын­дар­мен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

2000 жылдардың басында Маңғыстау ауданының ақса­қал­дары сол кездегі облыс әкімі Ләз­зат Қиыновқа хат жазып, Же­ті­байдан Шетпеге дейін газ тартуды сұраған еді. Бұл бастама тек бір аудан үшін емес, бүкіл Қазақ­станды газдандыру жолындағы алғашқы қадамдардың бірі болды.

Бүгінде сол армандар ақиқатқа айналды. Тиген мен Тасмұрын ауылдарына да табиғи газ беріліп, нәтижесінде Маңғыстау өңірінің 99% елді мекені көгілдір отынмен қамтылды. Бұл – Президенттің елімізді газдандыру жөніндегі стратегиялық саясатының нақты жемісі.

– Бұл маңызды жобаны ке­зінде сайлаушыларымыз Самат Мұсабаев екеумізге аманат еткен болатын. Біз қолдан келген бар­лық көмекті көрсеттік. Сонымен бірге, Маңғыстау облысының әкі­мі Нұрдәулет Қилыбай бас­таған команда бұл істің уақытылы және сапалы жүзеге асуына зор үлес қосты. Ең бастысы, ауыл тұр­ғындарының әл-ауқаты арта­ды. Газ келген ауылға тіршілік ора­ла­ды: жастар кері оралып, шаруа­шы­лық кластері дамиды, жаңа мүм­кіндіктер ашылады. Үлкен идеялардың жүзеге асуы осын­дай жергілікті жобалардан бастала­ды, – дейді Еділ Жаңбыршин.

Депутат сапар барысында мәс­лихат депутаттары мен қо­ғамдық кеңес мүшелерімен жүз­десті. Кез­десу барысында жер­гілікті тұр­ғындар бірнеше ма­­ңызды мәсе­лені көтерді. Атап айтсақ, Жар­мыш ауылындағы ішкі жол­дарды жөндеу және спорт кешенін салу; жобалық-сметалық құжат­тамаларда (ЖСҚ) жіберілетін қателіктерді түзету; құрылыстың нақты мерзімін 3 жылға дейін ұзарту мәселесі – себебі жобалар жыл басында басталмай, қаржы кеш бөлінеді, нәтижесінде мерзім созылып, қайтадан ЖСҚ түзеті­леді. Соны­мен қатар Шетпе–Қы­зан жолы­ның аяқталмай қалған 3 шақы­рымын бітіру, Қызан, Сай­өтес ауылдарында дәрігер тап­шылығы мәселелері де айтылды.

 

К.ЕСІМ