Ерлігі ескерусіз қалмады

Алматы облысы Алмалыбақ ауылындағы футбол алаң­ында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл жасап, бала ауыр жарақат алған болатын.

Оқиға орнына құ­зыр­лы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, ба­ланы өлім аузынан арашалап қалды. Бұл – нағыз азаматтық батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі.

Серікбек Сақайбаевтың ба­тыл­дығы елеусіз қалмады. Оған құрмет көрсету мақсатында ар­найы марапаттау шарасы ұйым­дас­тыр­ылды. Шара барысында Қарасай ауданы әкімінің мін­детін атқарушы Рустам Атша­баров Серікбек мырзаға алғысхат пен демеушілер атынан қаржы­лай сыйлық табыстады.

Сонымен қатар мерекелік жиынға аудандық полиция бас­қар­масының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдай­лар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков арнайы келіп, Сер­ікбек Сақайбаевқа алғысхаттар мен естелік сыйлықтар тапсыр­ды. Қарасай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағат Мәсі­мақынов өз батасын беріп, бұл ер­лік елге үлгі болатынын атап өтті.

Бұл оқиға – әрбір азамат үшін үлкен сабақ. Қоғамдағы бейқамдық пен салғырттық адам өміріне қауіп төндіретіні анық. Заңсыз және бақылаусыз ит ұстау деректері анықталған жағдайда тұрғындар құқық қорғау орган­дарына немесе аудан әкімдігіне дереу хабарлауға тиіс.

Қарасай ауданы әкімдігі Мак­­сим­нің тезірек сауығып кет­у­ін тілей отырып, бұл істі толық ба­қы­лауда ұстап отыр. Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтары­мыз.

 

Ә.МҰХАНБЕТ