Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы қарқынды жалғасуда

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарлады.

Павлодар облысында республикалық маңызы бар “Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы” автожолының 1381 шақырымындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыс жұмыстары басталды.

Жаңа көпір 4 жолақты болып, әр бағытта 2 жолақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болады. Нысанның жалпы ұзындығы 691 метрді құрайды.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 200 жұмысшы мен 57 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Көпір заманауи технологиялар бойынша салынуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.