Әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанова ұзатылу кезіндегі бейнежазбаны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп Аikyn.kz хабарлайды.
Ол “Ұядан ұшқан күн”, – деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары “Бағыңыз ашылсын”, “Өзі сондай сұлу, нәзік, ақылына көркі сай қыз, тек ғана бақытты болсыншы” деп қалыңдыққа тілектерін арнап, батасын берді.
Айта кетейік, бұған дейін арудың таңдауы түскен жігіттің есімі – Жәнібек Ерболатұлы, кәсіпкер. Ол бұрын үйленіп, ажырасқан.