– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанына тура бір жыл болды. Елбасының өзі айтқандай, бұл оңай болған жоқ. Әйтсе де, биліктің ауысуы заң шеңберінде өтті. Ата заңға сәйкес Мемлекет басшысының міндетін уақытша атқару сол кездегі Сенат Төрағасына жүктелді. Жаңа президент сайлауы белгіленді. Nur Otan партиясының съезінде Елбасы бұл лауазымға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бүкілхалықтық сайлауда Қ.Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жаңа Мемлекет басшысы билік сабақтастығын қамтамасыз ете білді. Қоғамда ашық диалог қалыптастыруға күш салды. «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыруға бағытталған нақты қадам жасады. Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» деген қағидаты ел-жұрттың көкейінен шықты.Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы жолын табандылықпен жалғастырып келеді. Билік сабақтастығы сындарлы бағыт алды. Елдегі тұрақтылықты сақтау, жаңа сын-қатерлерге төтеп беру тұрғысында нақты шараларды қолға алып, нәтижелі әрекеттерге жол ашуы халықтың қолдауына ие болып жатыр. Бұл – бүкіл ел үшін қайырлы нәрсе.
Бауыржан БАЗАР