Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясы директорлар комитетінің құрамына тағайындалды

Тағайындау туралы бүгін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер мырза ресми құттықтау хатын жолдады.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) директорлар үйлестіру комитетінің құрамына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тағайындау туралы бүгін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер мырза ресми құттықтау хатын жолдады. 

«Бұл комитет – дзюдоның әлемдік деңгейде дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық орган. Министрдің халықаралық спорт қауымдастығындағы бұл қызметі Қазақстанның беделін арттыра түсетіні сөзсіз», - делінген Дзюдо федерациясы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.