«Мейірім» мекені

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық оңалту ересектер мен балаларға медициналық оңалту қызметтеріне қолжетімділік артып келеді.

Қала аумағында бүгінде кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық, травматологиялық, пульмонологиялық және жалпы оңалту бағыттары бойынша 34 медициналық мекеме жұмыс істеп тұр. Бұл ұйымдар ересектер мен балаларға тегін оңалту қызметтерін ұсынып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, толыққанды қалпына келуіне мүмкіндік беріп отыр.

Медицина саласы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласында­ғы оңалту ор­талықтарында 150 мыңға жуық медицина­лық оңалту шарала­ры жүзеге асырылған. Бұл көрсеткіш – қаланың денсаулық сақтау инфрақұрылымындағы оң өзгерістер мен медициналық қыз­меттердің сапалы да­муының нақты дәлелі. Науқастар көбіне инсульттен кейінгі оңалтуға, операциядан немесе жарақаттан соң қалпына келуге, со­зылмалы аурулармен байланысты кешенді ем алуға және туа біткен немесе жүре пайда болған невро­логиялық, орто­педиялық, тыныс алу жүйесінің бұзы­лыстарын емдеуге жүгінеді.

Тұрғындар бұл қызметтерді МӘМС аясында толығымен тегін, ал бағыттамалар учаскелік дәрігер арқылы беріледі. Дә­рігерлер реа­билитолог немесе тар бейінді ма­мандармен кеңесе отырып, әр пациентке жеке оңалту бағдар­ламасын әзірлейді. Шымкенттегі жетекші оңалту орта­лық­тарының бірі – «Мейірім» медициналық оңалту орталығы. Бұл мекеме 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған кешен­ді оңалту қызметтерін ұсынады. Қазір орта­лықта 130 орынға арналған невроло­гия және соматикалық бөлімшелер жұмыс істейді. Жүйке жүйесі, туа біткен өкпе аурулары, ортопедиялық па­толо­гиялар, психоневрологиялық ауытқулар және басқа да диаг­ноздармен күрделі ем жүргізіледі.

Кешенді емдеу әдістері бала­ларды ауыр симптомдардан арылтып, толық­қанды өмірге оралуына жол ашады. Дә­рігерлердің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жарты­сында орталықта 1000-нан астам оңалту қызметі көрсетілген. Сома­тикалық бөлімше қызметі тыныс алу жүйесін жақсартуға, қабыну процес­терін азайтуға және өмір сапасын арт­ты­руға бағытталған. Ал неврологиялық бағыттағы ем-дом қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге, сонымен қатар бала­лардың дамуындағы кешігулерді еңсеруге арналған. Меди­циналық оңалту емделуден кейінгі аса ма­ңызды кезең. Дәрігерлердің пікі­рінше, уақытылы жүргізілген оңалту шаралары аурудың қайталануын азайтып қана қоймайды  мүгедек­тік қаупін төмен­детіп, балалардың мектепке және қоғамға бейімделуін жеңілдетеді.

Осы ретте Шымкент қаласының ден­саулық сақтау саласы оңалту бағы­тын­дағы қолжетімділікті ке­ңейтіп, ба­лалар мен ересектерге сапалы әрі тиімді медициналық көмекті МӘМС аясында тұрақты түрде ұсынып келеді. Барлық процестер – толығымен цифрлық және ашық, ешқандай қосымша төлемсіз жү­зеге асырылады.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп отыр­ған оңалту қызметтері тұр­ғын­дардың ден­саулығын ұзақ мерзімді сақтаудың тиім­ді тетігі. Шымкент қаласында осындай қыз­меттердің саны мен сапасы жыл са­нап артып келеді. МӘМС жүйесі арқылы жү­зеге асырылып жатқан бұл баста­малар, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар бала­лар­ға, күрделі операциядан кейінгі нау­қастарға, созылмалы аурумен ауыратын азаматтарға, жан-жақты көмек көрсетіп отыр.

Медициналық оңалту – емнің жалғасы ғана емес, жаңа өмірге қадам. Ал Шым­кенттегі оңалту ұйымдары осы қадамды сеніммен жасауға мүмкіндік беретін нақты қолдау алаңы.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы