Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Басты жаңалықтар

Диас Ахметшәріп Қытайдан оралған қазақстандықтардың денсаулығы туралы айтты

Рая Мінап Рая Мінап
Ақпан 5, 2020
© inform.kz

© inform.kz

257
қаралым

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп 6 қаңтардан кейін Қытайдан елге оралған қазақстандықтардың денсаулығы туралы айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 қаңтардан бастап, бүгінге дейін Қазақстанға Қытай мемлекеттік шекара пункттері арқылы 30 394 адам келді. 6 қаңтардан 4 ақпанға дейін Денсаулық сақтау министрлігі мамандары Қытаймен мемлекеттік шекара арқылы өтетін әуежайлар мен теміржол бекеттерінде 21 838 адамды, оның ішінде 20 084 жолаушы мен 1 814 экипаж мүшелерін тексерді. 29 жолаушыдан дене қызуы мен ЖРВИ белгілері анықталды. Олардың 28-і ауруханаға жатқызылды», – деді Диас Ахметшәріп Қазмедиа орталығында өткен брифингте.

Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысы, әуе қатынасы және Қытаймен жеңіл автокөлік тасымалы тоқтатылды. Медициналық ұйымдар тұрғылықты жері бойынша Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын бақылауды жалғастырып отыр.

«5 ақпанға дейін ЖРВИ белгілері бар 104 адам ауруханаға жатқызылды, 71 адам ауруханадан шығарылды. 33 пациент стационарда қалды. Науқастардың жағдайы жақсы. Коронавирус анықталған жоқ. Барлық ауруханадан алынған сынамалар қосымша бақылау үшін Алматыдағы Ұлттық ғылыми ерекше жұқпалы аурулар орталығына жіберіледі. Бұл орталық жаңа коронавирусты Полимеразды тізбекті реакция әдістемесін меңгерген», – деді Д. Ахметшәріп.

Әлем бойынша, жаңа коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны бүгін 490-ға жетті.

 

 

Тегтер: коронавирусқазақстандықтарҚытай
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан 7 адам ұсталды

Шымкентте белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан ер адам есін жимастан көз жұмды

«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Доллар тағы 6 теңгеге арзандады

Ота жасатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі – Ералы Тоғжанов

"Басы бір бөлек, денесі бір бөлек жатты": куәгер бес жасар баланың мәйітін қоқыстан қалай тапқанын айтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»