«Енді бәріміз бірге тұрамыз»: әртүрлі жетімдер үйінде тәрбиеленген бес ағайынды үйлі болды

Бұл – қордың 1 436-үйі.

«Харекет» қайырымдылық қоры кезекті үйін сыйға тартты.

"Басты арманымыз – үй алу” деген сөздері әлі күнге дейін құлағымызда жаңғырып тұр.
Сол арман   бүгін орындалды.

Ата-анасыз қалған, тағдыр тауқыметін тым ерте сезінген бұл балалар үшін үй – жай ғана төрт қабырға емес. Ол – болашаққа бастар жаңа парақ, жаңа өмірдің бастауы, – деп жазылған хабарламада.