«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.
Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады, – делінген Ақорданың мәлімдемесінде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.