«Өмір – өзен»: Ләйлә Сұлтанқызына 30 жыл бұрын пойызда танысқан ер адамға іздеу жариялады (видео)

Әлеуметтік желіде видео жариялады.

Кезінде Мәжіліс депутаты болған қоғам белсендісі Тәңірберген Бердіоңғар Ләйлә Сұлтанқызына 30 жыл бұрын түскен суретін сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.

«Шамамен 30 жыл бұрын Ләйләмен пойызда таныстық. Шымкенттен келе жатып. Мына адам біздің вагонда болған. Ләйлә ол кезде радиода жұмыс істейтін», - дейді Тәңірберген Бердіоңғар.

Ләйлә Сұлтанқызы пойызда сапарлас болған ер адамға іздеу салды.

«Өмір - өзен... 30 жыл бұрынғы Ләйләні көремін деп ойламаппын, шыны керек. Фотоны көргендегі эмоциямнан-ақ байқауға болатын шығар, қалай таңғалғанымды. Қасымдағы кісімен Тәңірген екеуміз Алматы-Шымкент бағытындағы пойызда кездесіп, танысқан екенбіз. Фотоға да түсіппіз. Бұл кісінің кім екені есімде жоқ. Егер бар болсаңыз немесе туысқандарыңыз көріп отырса, бір хабарын берсеңіздер», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.