Илон Масктың компаниясы 20 мың адамның миына чип орнатады

Жоба 2031 жылға қарай жүзеге асырылмақ.

Neuralink компаниясы 20 мың адамға нейрочип орнатуға ниетті, - деп хабарлайды Аikyn.kz  Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Бірлестік бұл арқылы табысын 1 млрд долларға жеткізуді көздейді. Қазір құрылғы клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр. Чип орнатылған 10 адамның денсаулығы мен құрылғының жұмысы зерттелуде.

Компания Blindsight деп аталатын адамның көру қабілетін арттыруға арналған арнайы чипті де сынап көрмек. Жаңа технология келер жылы тексерілмек. 2030 жылға қарай оны 10 мың адамға орнату көзделіп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.