Жоғалған ЕС-145 әскери тікұшағының бөлшектері табылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Алматы облысында радар жүйесінен жоғалып кеткен ЕС-145 әскери тікұшағының бөлшектері табылды. Ғарыштан жүргізілген мониторинг барысында Алматы облысындағы Сарбұлақ көлінде майлы дақ анықталды.

24.kz телеарнасының ақпаратынша, орынға жеткен құтқарушылар әуе кемесінің фрагменттерін тапты.

Естеріңізге салай кетейік, Луговой елді мекенінен ұшып шыққан тікұшақтың байланысы Отар аумағында ажыраған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, бортта үш экипаж мүшесі болған. Қазір әскери әуе кемесін іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 200-ге жуық адам астам маман мен арнайы техника тартылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.