Шымкентте сиыр еті күрт қымбаттап, Министрлік түсініктеме берді

Сарапшылар күзде баға тағы өсуі мүмкін екенін ескертуде

Шымкентте сиыр етінің бағасы 5000 теңгеге дейін көтерілді.

Tengrinews сайтының жазуынша, Сауда және интеграция министрлігі бұған жем-шөптің қымбаттауы, мал басының азаюы және көрші елдерден сұраныстың артуы себеп екенін хабарлады.

Бағаны тұрақтандыру үшін министрлік "Магнум", "Грамад" желілерімен келісім жасап, етті 2590-2620 теңгеден сатуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік бағадағы ет қазір қаладағы 60-тан астам сауда нүктесінде сатылады. Базарда еттің нарықтық бағасы – 3800-4000 теңге.

Сарапшылар күзде баға тағы өсуі мүмкін екенін ескертуде.